Менталдық арифметика

Адамның бас миы сол жақ және оң жақ жартысына бөлінген. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, екі ми жартысының екеуі ұқсас келеді, алайда олардың атқаратын функциялары әртүрлі. Мидың сол жақ жартысы тілдің дамуымен, қияли ойлаудың әрі логикалық ойланудың жұмысымен тікелей байланысты болады. Мидың оң жақ жартысы ақыл-естің нысанымен қатысты: суреттеу, қалыптар, шығармашылық ойлану және түйсік. Адамдардың көпшілігі, мидың сол жақ жартысының функциясы мидың оң жақ жартысынан айрықшаланып асып түседі деп ойлайды, ал физиологтар мен психологтар оң жақ мидың әлеуеті қалыс қалмай пайдаланылуға тиіс деп санайды. Мінсіз әдіс саналатын – сол мидың екі жартысының біркелкі қызмет атқаруы.

Адамның зияткерлік қабілеттерін дамытудың бірегей әдістемелерінің бірі менталдық арифметика болып табылады. Осы курстың көмегімен балаңыз өзінің зияткерлік деңгейін жоғарылатады, жадын жақсарта түседі әрі тереңнен ойлау қабілетін береді, ынтасын аша түседі, бір атқарғанда бірнеше істі орындауға мүмкіншілік береді. Және бұл менталдық арифметика адамның бойында аша алатын мүмкіншіліктердің бар тізімі емес. Әдістеме 5 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға есептелген, олар әртүрлі жастағы топтарға біріктіріледі. Курсы баланың білім деңгейіне қарай, 2 жастан 2,5 жасқа дейін созылады. Классикалық білім беру жүйесі мидың екі жартысының да дамуын көздемейді. Сөйткенде, менталдық арифметика зор ынтаны ашып көрсетеді, және мидың екі жартысы біркелкі жұмыс жасауға ынталандырады. Сабақтарда алған машықтар өмір бойына бекіп қалады. Ондай адам жоғары интеллектуалдық қабілеттермен ерекшеленеді де өзі таңдаған мамандығында болмасын, қоршаған ортадағы қарым-қатынастарда болмасын жоғары зияткерлік қабілеттермен ерекшеленетін болады.

Соробан

Жапон ұлты ең ақылды халық, тіпті әлемдегі ақылды халық саналатындығына күмәніміз болмайды. Мұның бірнеше факторы. Солардың бірі болып табылатын «соробан» ауызша есептеу әдісі, соын Жапонияда көптен пайдаланып келеді. Онда арнаулы шоттар Соробан (абакус) пайдаланылады. Бұл жер жүзіндегі механикаландырылған ең жылдам есептеуіш құрал. Олар біздікілерге қарағанда өзгеше және де ойға қабылдау үшін соншалықты күрделі болып келеді. Алайда жапонның мектептерінде бұл әдістеме базалық білім беру бағдарламасына кіргізілген. Сондықтан да 7 жасқа жақындағанда жапондық оқушылары кез келген математикалық жаттығуларды және логикалық тапсырмаларды оңайлықпен шеше алады. Соробан мидың екі жартысымен де жұмыс жасауға мүмкіншілік береді, ол адамды зияткерлік жағынан анағұрлым дамыған ете түседі. Және осыған кез келген бала қабілетті болады. Әсіресе, егер сабақтарға ертерек кіріскенде тіпті жақсы болады.

Ауызша есептеу мектебі

Біздің зияткерлікті дамыту орталығымыз сіздің балаңызды жапонның біріге «ауызша санау» әдістемесіне оқытуға мүмкіндік береді. Ауызша санаудың мектебі барлығы аптасына бірнеше сағаттық жаттығулардан сіздің балаңыз бірнеше жылдың ішінде ғана өте күрделі математикалық іс-қимылдарды орындауға төселіп үйретін алады. Ол мектепте оңай әрі тиімдірек оқитын болады, одан сайын эрудиттелген әрі араласқыш болып жетіледі. Ондай балалар тез шешім қабылдап отырады, және де өздеріне не керектігін дәл білетін болады. Оның үстіне, «ауызша есептеу» әдістемесі баланың негізгі сабақтары мен әуестеріне кедергі келтірмейді. Ол ұзақ та жалықтыратын сабақтарды көздемейді. Алайда сөйте тқра, өте тиімді болады. Ауызша есептеу мектебі дамытатын кеңістікте елестете білу қабілеті, адамға өмірінің барлық салаларында жәрдемдесетін болады. Өкінішке орай біздің елде ауызша есептету мектебі соншалықты сирек кездесетін құбылыс болып отыр. Алайда, жыл сайын өкпшілік адамдар ұлтының болашағы зияткерлік тұрғыда дамыған өсіп келе жатқан буынға байланысты болатындығы жайлы пікірге келіп отырғаны тағы бар. Сондықтан да мұндай орталықтар ешқашан да ілгері басатын ата-аналардың назарынан тыс қалмайтыны анық.

Біздің зияткерлік дамыту орталығымыздың арқасында сіздің балаңыз зияткерлік дамуы жоғары деңгейде болатын табысты да өзіне сенімді тұлғаны қалыптастыруға өзіне жәрдемдесетін білімдер мен машықтарды алатын болады.

Бүкіл әлемге танымал ғалым әрі ойшылы Альберт Эйнштейн, «салыстырмалылық теориясын» ұсынғанда ғылыми қоғамдастықты есінен тандыра жаздаған болатын. Миының он жақ жартысының көмегімен шығармашылығының және қиялының көмегімен ол өз санасында кеңістік пен уақыттың өзара әрекеттестігін елестете отырып, үш жазықтықтағы шектеулерді бастан кешіп шешімін таба білген. Сөйте тұра, теориялардың математикалық және ғылыми құндылығын дәлілдеп беру үшін ол сонымен қатар дедукциялық ой-сананы және сол жақ миының логикасын пайдаланған. Сондықтан да, бас миының сол жақ және оң жақ жартылары бірлескенде және тиімді түрде біріге отырып орындағанда , нәтижелері тамаша болмақ.

Барлығымыз да, өз баламыз табысты адам болып өскендігін қалаймыз ғой! Өз балаңды осындай етіп қалай тәрбиелеп өсіруге болады? — осы сұрақтар кез келген ата-ананы ойландырады.

Бүгінгі таңда,балаларды дамытуға үшін дамытушы бағдарламаларды ұсынатын орталықтар мен клубтар көп. Солардың барлығы баланың бір қырынан дамытылуын ұсынып жатады — олар: музыка, шығармашылық, мектепке даярлық, театрлық студиялар, шахматтар және т.б. Осының барлығымен де өз баламыз жанжақты дамытылған болып өсуіне ненің жақсы келетіндігін анықтап алуға тура келеді, себебі барлығымен де бір уақытта айналысу мүмкін емес қой.

Шындығында оған жадындағы керекті сәтте қажетті ақпараттарды алып шығуды үйрену қажет болады, талдап, бағалап қорытынды шығару – және ең бастысы! – алға қойған мақсаттарға қол жеткізу болып табылады. Алға қойған мақсаттарға қол жеткізудің кез келген қолдағы ең тиімді құралы болып табылатын нәрсе - Интеллект. Себебі ол дегеніміз, кітаптағы оқығандық қана емес, ән айту, шахмат ойнай білу немесе тестілерді жақсыға тапсыра білуді білдіреді.Бұл дегеніміз, өз білімдерін пайдалана білу. Ал тиімді интеллект – ол максималды тиімділікпен білімдер алу, оларды өңдеу және максималды ыңғайлылықпен пайдалану, қалаулы мақсаттар бағытында әрекет ете білу қабілеті.

Менталдық арифметика курсы зияткерлік қабілеттерді дамытуға бағытталған, балалар одан әрі академиялық табыстар мен тұлғаны дамытудың мықты іргетасын қалайды. Менталдық арифметика бағдарламасын меңгеру нәтижесінде бала, мысалы, бес мәндік сандарды бірнеше секундта қосып бере алады, десек те бұл жалғыз ғана нәтиже емес.

Менталдық арифметиканың арқасында мыналар дамып, жақсара береді:

  • Зейіннің шоғырлануы
  • Фотографиялық жады
  • Дәлдік және жедел реакция
  • Өзіне сенімділік
  • Шығармашылық ой-сана
  • Тыңдау және байқампаздығы
  • Ойластыру және елестету
  • соның салдары ретінде оқудағы үлгерім.

Оқу басталғанда жұмыстың негізгі бөлігі баланың Абакус (Соробан) шоттарын қарқынды пайдалануына сүйеніледі. Оқытудың барлық сатысында бала бас миының екі жақ жартысын да жұмысқа кірістіріп, ынталандыра отырып, шоттардағы асықтармен операциялар жасау үшін екі қолының саусақтарының барлығын қолданады. Балалар математикадағы 4 операцияны – яғни, қосуды, алуды, көбейтуді және бөлуді үйрене бастайды. Бас миының екі жақ жартысының да тең пайдаланылуы оқудың және ойлау қабілетінің ісі анағұрлым тиімдірек бола түседі. Әрбір жаттығуда бара-бара баланың шоттарға деген тәуелділігінен кетіп нашарлай береді де, оның өзінің меншікті елестету қабілеті ынталандырыла бастайды, сонда ол соның арқасында бірнеше сабақтан соң бала өзінің көз алдына Абаскус (Соробан) шотын есептете отырып қана қарапайым есептеулерді жүргізіп шығара алады, және ойша асықтарды қозғалта отырып (ойдағы шоттармен жұмыс жасау) есептеп береді. Менталдық арифметика бағдарламасы бойынша оқытылатын бала сандарды суреттер ретінде елестете отырып, математикалық жаттығуларды шешуді бастайды, себебі әрбір нақты сандар оның түйсігінде шоттардың асықтарындағы тиісті суреттермен ұқсастықтарды есіне түсіре алады.

Менталдық арифметиканың курсы 4 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға арналған ұзақ оқытуды ұсынады. Топтар жастары бойынша қалыптастырылады. Кішкентай топтағылар үшін оқытудың ұзақтығы 2,5 жылды құрайды, ал үлкендер тобына – 2 жылды құрайды. Әр ай сайын оқуды қалайтындардың жаңа класы толықтырылып, оқытыла бастайды. Алайда оқуы басталып кеткен топқа қосылу мүмкін болмайды.

Оқытудың процессіне бар керектісі - шоттар, оқу материалдары мен дәптерлер, сол курстың бағасына қосылған.

Балалардың бірінші жастық санаты – 4-6 жастағылар, екіншісі – 7-10 жастағылар, үшіншісі 11-16 жастағылар. Кішкентайлар тобының класы 4-6 адамды, үлкендер класы 6-10 адамды құрап отырады. Балалар міндетті түрде байқау сабағынан өткізіледі. Бұл теңдескен топтар құруға қажетті болады. Оқушыларға қойылатын негізгі талап – 10-ға дейін санай білсе болғаны.

Сабақтардың кезеңділігі ыңғайлы. Ол дегеніміз, аптасына 1 реттен өткізіліп тұратын 2 сабақ. Бірақ та күнделікті үйдегі жаттығулар 15 минуттан кем болмауға тиісті. Біртіндеп бала машықтана бастайды. Күн сайын бір ғана ережені жаттығып орындай береді.

Үйдегі сабақтар үшін балаға компьютер керек болады. Ол жұмыс материалдарымен қоса сабақтар басталған бетте-ақ счетами Абакус (Соробан) шоттарын алады, да бағдарламаға кіру үшін логин мен кілтсөзін алады.

Кіші топқа ата-аналардың жаттығуларға қатыстырылуы, әрі үйдегі жұмыстың орындалу дұрыстығына бақылау жасауға міндетті болады. Үлкен топтарға ата-аналарының қатыстырылуы міндетті емес, алайда баланың кестесінде режимдік сәтке (мысалы, кешкі астың алдынан) байланыстырылған жаттығулар үшін белгілі бір уақыт таңдауға тура келеді. Нақты нәтижелерді және мидың екі жартысының біркелкі жұмыс істеуін сіз, 2-3 ай іркіліссіз жаттығулардан соң байқай бастайсыз. Оқыту бағдарламасы сәтті өткен соң балаңыз біздің орталығымыздың тиісті сертификатын алады.

Біздің әдістеме бойынша сабақтар әрбір баланың экстраординарлық қабілеттерін көрсетіп, оны ашуға жәрдемдеседі, инновациялық оқыту арқылы шығармашылығын дамытады.